KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
464.72 496.32 5.4

Биыл Жаңа Бұқтырмада 200 орындық қазақ мектебі салынады

Фото: mixyfotos.ru

10.01.2024, 16:44 91 ALTAINEWS

Былтыр Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде қазақ мектебінің құрылысы басталған. 2 млрд теңгеге салынатын 200 орындық жаңа мектеп құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға берілмек.


Қазіргі күні Жаңа Бұқтырма кентінде жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, былтыр жаңғырту жұмыстарына 400 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 


Өткен жылдан бері Жаңа Бұқтырма  кентінің орталық бөлігін көркейту жұмыстары да қолға алынды. Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы Жаңа Бұқтырма кентін көріктендіруге облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген. 
Кентті және Бұқтырма жағалауын көріктендіру, туристік инфрақұрылымды жөндеу, көркейту жұмыстары үш кезеңмен жүргізілмек. Бірінші кезеңде Жаңа Бұқтырма кенті көріктендіріледі. 


Жанаргүл Мұқатай


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив