Жаңа Бұқтырма кентінде жылу желісінде апат болды
Жаңа Бұқтырма кентінде жылу желісінде ақау шықты.
Бүгін тұрғындар үйдің салқындап кеткенін айтып, шағымданған. Жылумен жабдықтаушы ұйым желіде апат болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қазір учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселе Алтай ауданы әкімінің бақылауына алынды. Жергілікті атқарушы органдардың дерегінше, жылу 7:00-ден 18:00-ге дейін өшірілген. Техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ауа райы қолайлы болып отыр», - деп хабарлады облыстық ақпарат орталығы.
Оқи отырыңыз