Экология вице-министрі ұсталды
Фото: gov.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан экология министрлігінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Press.kz басылымы ұсталғандардың арасында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев бар деп жазады деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мансұр Ошурбаев туралы не белгілі?
Мансұр Ошурбаев 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жетекші маман болып бастаған. 2010-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болды.
Жанаргүл Мұқатай