Алтай ауданында жасөспірімдер арасында екі рет суицид жағдайы тіркелген
Ауданда суицидтің алдын алу бойынша дөңгелек үстел отырыс өтті.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы, Алтай ауданының әкімі, аудандық полиция бөлімінің басшысы мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілер мен психолог мұғалімдермен кездесіп, жасөспірімдердің неліктен ондай қадамға баратындықтары талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Алтай ауданында 2018-2022 жылдар аралығында суицид жағдайы тіркелмеген. Алайда 2023 жылы екі рет жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмасу фактісі тіркелді. Әр жағдай бойынша жіті талдау жүргізілген.
Бұндай оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында мектептер мен колледждерде балалармен жұмыс жүргізіледі, психологтармен әңгіме, директорлар мен жасаөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлардың қатысауымен дөңгелек үстел отырыстары өткізіледі. Көбінесе бұндай қадамға түрлі жағдайларға байланысты ересек жастағылар баратын көрінеді.
Бұл тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті екені анық.
Ата-анасымен арадағы байланысы үзілген балада виртуалды әлемге, түрлі ойындарға тәуелділік туындайды. Осындай кезде оларға педагогтер көмектесуі керек. Балалар сырымен бөлісіп, өзіне кеңес ала алатынын сезінуі маңызды.
Кездесу барысында мектеп психологтары да өз пікірлерін білдіріп, балалармен жұмыс барысында қандай мәселелер туындайтынын ортаға салды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан психологтарына С. Аманжолов атындағы ШҚУ мамандары семинар өткізіп, психологтар арасында байқаулар өткізу сынды шаралар жоспарланды.