KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ҚР Президенті РФ басшысымен телефонмен сөйлесті

akorda.kz

2.03.2024, 16:00 157 Назерке Каримова

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинмен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгіме барысында екі мемлекеттің басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақорданың ақпаратына сүйеніп.

Тараптар Ресей Президентінің былтыр қараша айында Астанаға жасаған ресми сапары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына жұмыс сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу