Өскемендіктер демалыс күндері далада жүруді шектегені жөн
pixabay.com
Қазақстанның жеті қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтыны ескертілді.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 3 және 4 наурызда Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Риддер, Қарағанды және Орал қалаларында ауадағы ластаушы заттардың таралуына метеорологиялық жағдайлар ықпал етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ластаушы заттарға: күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, азот диоксиді, күкіртті сутек жатады. Жоғары концентрацияда бұл заттар улы болуы мүмкін, сондықтан адам ағзасына зиянды.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары - ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман, инверсия) жиынтығы.