KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 3,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Зайсан ауданындағы сегіз ауыл көгілдір отынның қызығын көріп үлгере ме?

pixabay.com

3.03.2024, 21:00 100 Назерке Каримова

Қазір шығыстағы газбен қамтылған жалғыз Зайсан ауданының қойнауында 325 миллион текше метр газ қалған.

Бұл 10 жылға жететін қор, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Зайсанда көгілдір отын жетпеген 8 елді мекен бар. Бұл ауылдарға газ тартылады дегелі он жылдан асыпты.

Ауылдарға құбыр төсеу жұмысының орта жолдан тоқтауына қаржының жетпеуі қолбайлау болған. Құрылысты жүргізу бойынша екі мердігер компания арасындағы сот ісі аяқталғанша, баға өсіп кеткен. Сондықтан жеңген мекеме жобалық-сметалық құжатты қайта түзетіп, жоғарыға жіберуге мәжбүр. Бұл уақыт алады. Енді ауыл жұртының көңілі күпті. Өстіп жүргенде газ қоры таусылып қала ма деп алаңдаулы. 

- Өзінде газ болмаса да басқа жақтан келуі мүмкін. Қазір «Маңырақ газ» ЖШС барлау жұмыстарын жасап жатыр, бұл Тарбағатай ауданы Шеңгелді ауылының маңайында. Ол жерден газ шығатын болса, Шеңгелді ауылынан Зайсанға дейін 100 шақырым жер, оны да қарастыратын боламыз, - дейді ШҚО Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.


Сонымен қатар, салалық мамандар алдағы уақытта Ресейден газ тарту мәселесі де қарастырылып жатқанын айтты. Ал әзірге Зайсандағы көгілдір отын қоры 325 миллион текше метр екен. Бұл он жылға жететін мөлшер. Осы байлыққа сегіз ауыл қосылып үлгере ме, жоқ па - ол жағы белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив