«Үлбі» зауытының көңілді тапқырлары сайысқа түсті (видео)
Облыс орталығында «ҮМЗ» АҚ 75 жылдығына арналған «Заводская семья – заводная семья» атты көңілді тапқырлар байқауы өтті.
Іс-шараға қатысқан командалар қағытпа әзілдерімен көрермендердің көңілін көтеріп, мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Үлбі металлургиялық зауыты корпоративтік дәстүрлерге бай. 2006 жылдан бастау алатын «Заводская семья – заводная семья» байқауы биыл да дәстүр бойынша өз жалғасын тапты. Өзгеше форматта өткен көңілді кешке зауыт қызметкерлерінен құралған әзілкеш командалар қатысып, жиылған жұртты өткір әзілдерімен тәнті етті.
Дәстүрлі байқауға зауыт қызметкерлерінен құралған «Ядерный микс», «Уран», «Дай пять, 75!» сынды көңілді тапқырлар клубтары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Сайыс қорытындысы бойынша «Дай пять, 75!» командасы бірінші орынды иеленсе, «Ядерный микс» және «Уран» командаларының ұпай саны тең түсіп, екеуі де екінші орынды еншіледі.