Абай облысындағы бір ауылдың үйлерін су басты (видео)
видеодан алынды
Кеше Тарбағатай тауындағы қар күрт еріп, «Таскескен-Бақты» (ҚХР шек.) республикалық автожолын су басты.
Су Таскескен-Бақты автожолының бойымен 181 шақырымға жайылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының ақпаратына сүйенсек, қазір республикалық жолдағы еріген су деңгейі түсіп, тұрақтанды. Барлық су өткізу жүйелерінің белсенді жұмысының арқасында автожолды шайып кетуге жол берілмеді.
Қазіргі уақытта ҚазАвтоЖол мамандарының күшімен Бақты ауылының ғимараттары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және одан әрі залалды болдырмау үшін құм-қиыршық тас қоспасы мен құм салынған қаптарды су басу орындарына тасымалдау жүзеге асырылуда.
Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел әрекет ету үшін Абай облысының ТЖД жеке құрамның 12 адамы, 7 бірлік техника (жүзу құралдары мен мотопомпалар) күштер мен құралдар орналасқан.