KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Риддерде су тасқынына қарсы қызу дайындық жүріп жатыр

11.03.2024, 13:19 142 Оразай Жеңісұлы

Риддердің коммуналдық қызмет өкілдері тасқын қаупіне байланысты жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қаланың ішкі саясат бөлімі осылай деп мәлімдеді.

Қазір үш шағын ауданда су тасқынына қарсы іс-шара жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Гавань, ДОСААФ және 3-ші Ботаник тұрғын ауданында жұмыс жүріп жатыр. 6 жұмысшы, 4 техника (екі тиегіш, екі экскаватор) жұмылдырылды. «Водоканал» КМК мамандары су өткізгіш құбырлар мен нөсер кәріздерін тазартып жатыр. Бұл жұмысқа кәсіпорынның 2 техникасы және 6 адам жұмылдырылды», - деп мәлімдеді Риддер қаласының әкімдігі.

Суреттер: Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив