KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Өскемен жастары өнегелі әулетті құттықтады

14.03.2024, 19:42 170 Оразай Жеңісұлы

Кең пейілді жұртымыз Амал мерекесінде алыс-жақындағы ағайынның ғана емес, алты алаштың амандығын сұраған. Өйткені бұл күн – татулық пен тұтастықтың, тәлім-тәрбиенің бастауы.

Өскемен жастары бүгін осы дәстүрді жаңғыртып өнегелі әулеттің үлкендеріне сәлем бере барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байсариновтар бір шаңырақ астында алпыс жыл тату-тәтті ғұмыр кешіп, өскелең ұрпаққа үлгі болып келеді.

«Мызғымас татулықтың сыры сіз-біз дескен сыйластықта болар деп ой түйдік», - дейді жастар.

Ғибратты ғұмыр кешіп келе жатқан жанұя жастарға бата беріп, ризашылығын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу