Президент биыл елімізде 4 ауқымды жоба қолға алынатынын жеткізді
t.me/aqorda_resmi
Көптеген жылу орталығы және инженерлік желілер жаңғыртылады, 12 мың шақырым жол салынып, жөнделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 300 мың адам табиғи газдың игілігін көре бастайды және ауыл мен аудан тұрғындары үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.
Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспайтын болады. Ал жалға берілетін баспана саны бірнеше есе көбейеді.
– Мұның бәрі халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Елге, халыққа арналған осындай игі шаралар міндетті түрде жалғасын табады, – деді Мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз
Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, баспаналы болуға мүмкіндік артады – ШҚОБаспана мәселесін шешу үшін «5-10-20» бағдарламасы іске қосылады«Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады – ПрезидентЖаңа ипотекалық бағдарламаға кімдер қатыса алады?«Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын» нақты іске асыру қажет