KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Өскеменде "жұлдыздар шеруі" өтіп жатыр

22.03.2024, 21:02 110 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығындағы Республика алаңында Наурыз тойы жалғасып жатыр. Өскемендіктер жұлдыздар шеруін күтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл концерт өңірде бір жұма бұрын, Амал мерекесінде, басталған думанды іс-шара легінің түйіні іспетті. Жергілікті шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар сахна төріне кезек-кезек көтеріліп, көрермен көзайымына айналды. 

— Мерекелік концерт — керемет. Көңілімізден шығып жатыр. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Барша өскемендіктерге мереке құтты болсын! — деді қала тұрғыны Еркежан Мұхтарқызы. 

Шығыстың бас шаһарындағы думанға көршілес Абай облысынан арнайы келген қонақтар да бар. Олар да меркелік іс-шараның деңгейі жоғары екенін атап өтті. 

— Өскеменде өте тамаша концерт өтіп жатыр. Біз қуаныштымыз. Наурыз құтты болсын! Молшылық жылы болсын! — деп лебіз білдірді Елдос Қожаев есімді семейлік азамат. 

Өскемендіктер жұлдыздар шеруін күтеді дедік. Бүгін Шығыс өңіріне ат басын бұрған өнерпаздардың қатарында танымал әнші Kalifarnyia бар. Оны көруге, әсіресе, жастар жағы асық екені түсінікті. Сондай-ақ тойшыл қауымды белгілі актриса Нұргүл Мыңғатова құттықтайды. 

— Музыка, атмосфера — бәрі керемет! Өскемендіктерді Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Kalifarnyia-ны асыға күтеміз, — дейді Әмина мен Айзере. 

Суреттер: Аяужан Утеулинова

Видео: Ермек Иманғазинов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив