KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ұлыбританиядағы қазақтар Наурызды тойлады

24.03.2024, 23:00 88 Назерке Каримова

Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шараға жүзден астам адам жиналған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform ақпаратына сүйеніп.

Тұманды Альбионда тұратын қандастарымыз бен жергілікті халық бірігіп Наурыз мейрамын атап өтті. Қазан көтеріп, дастархан жайылды.

- Мен осы Англияда тұрып жатқаныма 17 жыл болды. Осы Наурыз мейрамын 8 жылдан бері үзбей тойлатып келгеніме 8 жыл болды. Бүгін 120-дай ересек адам келді, - дейді ұйымдастырушылардың бірі Алмаш Әлиева.


Сахна құрылып, жиналғандар өнер көрсетті. Мереке әнұраннан басталған.

- Көктемнің осындай керемет күнінде қазақтардың басы қосылып, жиналып жатқаны бәрімізді қуантады. Керемет шара деп ойлаймын. Жыл сайын өткізіліп жатыр. Ортамыз жылдан жылға толып, шетелдіктер де қосылып жатыр, - дейді Ұлыбританиядағы Қазақ орталығының директоры Кәмшат Күмісбай.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив