Көктемгі егіс науқаны: Биыл дизель бағасы қандай?
сурет: depositphotos.com
Көктемгі егіс науқанында пайдаланылатын дизель отынының бағасы бекітілді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Министрдің айтуынша, өңірлерде баға былтырғы мөлшерде сақталады.
«Биыл 22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан - 30 маусым аралығындағы «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 340,3 (үш жүз қырықта үш) мың тонна дизель отынын жеткізу графигін» бекітті. 2023 жылдан баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі станцияда қосымша құн салығын қосқанда литріне 250 теңге және жанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан литріне 45 теңгеге арзан немесе 15 (он бес) пайызға төмен», - деді министр Үкімет отырысында.
Оқи отырыңыз