Өскеменде екі оқушыға ыс тиді
Фото: ШҚО ТЖД
Облыс орталығында екі оқушыға ыс тиді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД бұл оқиғаның жер үйдегі мұржаның бітелуінен болғанын мәлімдеді.
Нақтырақ айтсақ, оқиға Өскеменнің Шығыс кентінде болған. ТЖД ақпараты бойынша, жеке үйдің мұржасы бітеліп қалғандықтан, түтін үйге таралған. Салдарынан 2007 және 2008 жылғы екі балаға ыс тиген.
Қазір жасөспірімдер ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз