KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Табиғи апаттан зардап шеккендерге қандай көмек беріледі? Басқарма жауап берді

фото: depositphotos.com

8.04.2024, 14:00 205 Оразай Жеңісұлы

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен отбасына жергілікті бюджеттен белгілі бір мөлшерде материалдық көмек беріледі. Бұл туралы облыстағы бейінді басқарма өкілдері нақты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті өкілді органдары (мәслихаттары) бекіткен әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына сәйкес табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтірілген кезде азаматтарға жергілікті бюджеттен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (369 200 теңге) материалдық көмек көрсетіледі», - делінген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқару басқармасының хабарламасында.

Зардап шеккен азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінуге тиіс:

- жеке куәлік;

- су тасқыны салдарынан келтірілген залалды растайтын анықтама немесе акт;

- 20 таңбалы банктің шоты болу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу