KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

«Торпедо-2011» – күміс жүлдегер

шартты сурет: depositphotos.com

12.04.2024, 18:00 133 Оразай Жеңісұлы

Елорда төріндегі «Барыс Аренада» 2011 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ел чемпионатының төртінші туры аяқталды.

Өскемендік ұжым үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Мықтылар» тобында «Барыс-2011» қарсылас шақ келтірмеді. Бірде-бір рет ұтылмаған ұжым 72 ұпаймен көш бастады. Ал Өскемендік «Торпедо-2011» 53 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті түйіндеген «Астана-2011» командасының қоржынында 49 ұпай бар.

Чемпион атанған клубтың үш ойыншысы маусым қорытындысы бойынша жеке марапатқа ие болды. «Барыс-2011» сапындағы Кәрім Бишімбаев – үздік қақпашы, Мәди Мұрат – үздік қорғаушы, Максим Самойлюк – үздік бомбардир.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив