Өскемендік «Торпедо-2007» ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды (видео)
Өскеменде 2007 жылы туған ұлдар арасындағы шайбалы хоккейден ел чемпионатының төртінші кезеңі мәреге жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс орталығындағы Спорт сарайында болған ақтық додада «Торпедо-2007» (Өскемен), «Астана-2007» (Астана), «Юность-2007» (Қарағанды), «Ертіс-2007» (Павлодар), «Астана-2» (Астана), «Құлагер-2007» (Петропавл) командалары күш сынасты.
«Торпедо-2007» еншісінде төрт жеңіс бар. Тек Қарағандының «Юность» клубына есе жіберген. Шешуші ойында өскемендік ұжым «Астана-2007» клубын 3:1 есебімен ұтып кетті. Дегенмен қорытынды есепте «Торпедо-2007» екінші орынға табан тіреді. «Астана-2007» – ел чемпионы. Үздік үштікті «Юность-2007» түйіндеді.
Маусым соңында үздік деп танылған ойыншылар:
Үздік қақпашы – Дулат Еркінов (Астана)
Үздік қорғаушы – Эдуард Олденбургер (Юность)
Үздік шабуылшы – Владислав Ануфриев («Торпедо»).