KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1 м/с, С
530.12 546.08 5.17

Өскеменде саяжай автобустары жүре бастады

сурет көрнекілік үшін алынды: depositphotos.com

17.04.2024, 11:23 170 Айжанат Бақытқызы

«Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС-нің ақпараты бойынша, бүгіннен бастап № 4А, 7А, 25А саяжай маршруттарында қозғалыс жанданады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Маршруттардың соңғы аялдамасы келесідей өзгерді:

  • № 4А «Племстанция – Аблакетка айлағы»;
  • № 7А «Алтай - Щербаков –Иртышский строитель» аялдамасы;
  • № 25А «Колос саяжайлары – Аблакетка айлағы».

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде облыс орталығында жазғы автобустар саяжай маусымының аяқталуына байланысты жұмысын тоқтатқан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу