KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Бүгін Өскеменде қоғамдық көліктер қалай жүріп жатыр?

Фото: otyrar.kz

16.02.2024, 16:11 134

«Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС-нің ақпараты бойынша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қала бойынша автобус паркі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Трамвай қозғалысы 16 ақпанда сағат 9.27-ден бастап қайта басталды. Бүгін қала бойынша автобустар мен маршруттық таксилер жұмыс істейді. Тасымалдаушылар маршруттарды біртіндеп шығаруда. Олардың аралық уақыты ұзарған жоқ, - деп түсіндірді Жолаушылар тасымалын басқару орталығы.

Орталықтың ақпараты бойынша, қалалық маршруттардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін желіге шығарылған автокөліктердің саны жеткілікті.

Қажетті қоғамдық көлікті қадағалау үшін «Oskemenbus» мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив