ШҚО-да тағы бір мас жүргізуші ұсталды
фото: ШҚО ПД
ШҚО-да мас кезінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылған ауыл тұрғыны бір ай өтер-өтпестен қайтадан мас күйде рульге отырған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі
Күршім ауданы тәртіп сақшылары аудан ауылдарының бірінде «ВАЗ 21102» маркалы автокөлік жүргізушісінің күдікті әрекеттерін байқаған.
Көлік құралын тоқтатқан кезде ер адамнан ішімдіктің иісі шығып тұрғандықтан, ол медициналық куәландыруға жіберілген.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, 45 жастағы жүргізуші жеңіл дәрежеде масаң күйде болған. Полиция қызметкерлері оның құжаттарын тексеру кезінде ер адамның 4 наурызда көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылғанын анықтаған.