KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Елдегі сұранысқа ие мамандардың бірі - медбикелер

pixabay.com

12.05.2024, 20:00 196 Назерке Каримова

12 мамыр - бүкіл әлемде Халықаралық медбикелер күні.

Қазақстанда 147 мыңға жуық медбике бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM ақпаратына сүйеніп.

Елімізде орта медициналық персоналдың саны жыл сайын артып келе жатқанына қарамастан кадр тапшылығы әлі де сақталып отыр.

Бүгінде 4,2 мыңға жуық орта буын маманы жетіспейді.

Сонымен қатар, мейірбике мамандармен қамтамасыз ету төмен деңгейде қалып отыр: 10 мың адамға — 74,7, акушерияда 10 мың адамға — 5.

Қазақстанда медбике мамандарын даярлаудың көп деңгейлі жүйесі енгізілген.

Сонымен қатар, жұмыс істейтін медбикелер үшін интеграцияланған академиялық және қолданбалы бакалавриат бағдарламалары әзірленді.

Осыған орай еліміздегі 37 медициналық колледж Жоғары колледж мәртебесін алып, қолданбалы бакалаврларды даярлайды.

Бүгінде білікті мейірбике мамандарына сұраныс күннен күнге артып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең үлкен сұранысқа ие ТОП-5 бос жұмыс орындарының қатарына медбикені кіргізеді (1,2 мың бос орын).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив