KZ
Өскемен
+27°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

«Ата жолы» көші-қон картасына сұраныс артып келеді

gov.kz

26.05.2024, 10:00 73 Назерке Каримова

Әзірге карта 55 адамға берілген, оның 13-і қазір елге келді.

Мемлекет басшысының шетелден кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді Қазақстанға тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Ата жолы» көші-қон картасы енгізілген болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Жоба аясында тарихи Отанына оралғандармен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова кездесті. Жүздесу барысында қандастар жоба туралы пікірлерін айтып, елде атқарар жұмысының жоспарын таныстырды. Олардың арасында денсаулық сақтау, мұнай және газ, құрылыс, білім беру, ІТ саласының мамандары бар.

Айта кетейік, «Ата жолы» картасы шетелде тұрып жатқан этникалық қазақтарға 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Оған қол жеткізу үшін үміткер келесідей талаптардың біріне сай болуы шарт:

– ҚР азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін мамандығының болуы;

– Қазақстанда сұранысы жоғары мамандыққа ие;

– тұрақты тұратын немесе азаматтығы бар елде тіркелген, жұмыс істеп тұрған кәсібінің болуы.

Карта иесі Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе кәсібін жүргізу, әлеуметтік төлемдер жасау, кепілдендірілген медициналық көмекке қол жеткізу, білім алу және т.б. қызметтерді пайдалана алады. Алайда мемлекеттік қызметте жұмыс атқаруға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға, республикалық референдумға қатысуға немесе дауыс беруге хақы жоқ.

Жоба былтырдан бастап жүзеге асып келеді. Бүгінге дейін 250 адам 18 мемлекеттегі елшіліктерімізге келіп, кеңес алыпты. Карта алуға «Құтты мекен», «E-Qonaq» мобильді қосымшалары арқылы өтініш беруге болады немесе Қазақстанның шетелдердегі елшіліктеріне жүгіну қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив