KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Еліміздегі ең ірі көпірдің құрылысы қалай жүріп жатыр?

Фото: gov.kz

22.05.2024, 11:17 213 Ынтымақ Толқын

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жалғасып жатыр. Бұл еліміздегі ең ірі көпір болмақ. Ұзындығы – 1316  метр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, көпір тіректерінің 81%-ы орнатылған, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Құйған ауылының тұсында салынып жатқан стратегиялық маңызға ие нысан өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсарта түспек.

«21 тіректің 17-сі орнатылды. Яғни қазір бұл жұмыстың 81 пайызы орындалды. Көпірдің қалған төрт тірегі орнатылып жатыр. Сондай-ақ 20 аралық құрылымның жартысы салынды. Жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталып, кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас қоспасынан жол жабынын төсеу жұмыстары жасалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру үшін де барлық қажетті материалдар дайындалды», - деп мәлімдеді ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу