KZ
Өскемен
-10°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
524.02 545.19 5.09

Енді нотариустар мен сот орындаушылары хабарламаны СМС-пен жібереді

pexels.com

14.07.2024, 23:00 176 Назерке Каримова

Алаяқтық әрекеттермен күресу мақсатында ҚР Әділет министрлігі 1414-тен СМС және EGov-mobile push-хабарламалар арқылы азаматтарды хабардар ету бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұрын нотариустар мен сот орындаушылары азаматтарды тапсырыс хат арқылы хабардар етсе, енді олар электрондық хабарламаларды сенімді байланыс арналары арқылы жібереді.

– Өткен жылы әділет органдарына нотариустар мен сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты 40 мыңнан астам шағым келіп түсті, – деп хабарлады ҚР Әділет министрлігі. – Көптеген шағымданушылар нотариустардың атқарушылық жазбаларды шығарғаны туралы білмегенін, тек қандай да бір тыйымдар мен шектеулер салынғаннан кейін ғана білгенін хабарлады.


Енді азаматтарға атқарушылық іс туралы және нотариус немесе сот орындаушысы туралы егжей-тегжейлі ақпараттар 1414-тен СМС-хабарламалар және EGov-mobile-дан push-хабарламалар арқылы уақытылы келіп отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу