Техникалық және кәсіптік білім алуға 145 мың грант бөлінді
фото: depositphotos.com
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың орынға көп, хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90% болды.
Мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия секілді техникалық мамандықтарға бағытталған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 70%-ға, ал мемлекеттік тапсырыс көлемі 100%-ға дейін өседі.
Қазіргі уақытта 518 кәсіпорын 410 колледждің түлектерін практикалық даярлауға, жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, дуальді оқытуға және шефтік қамқорлық көрсетуге қатысып жатыр.