KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2,4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Әскерде жыл басынан бері 9 суицид жасалған

Фото: qazaqytoi.kz

15.06.2023, 16:19 215 Ләззат Қанатқызы

Жыл басынан бері 7 әскери қызметші мен 2 курсант суицид жасаған.

Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

2 курсант та әскери институтта құрлық әскерлері мен радиоэлектроника және байланыс мамандығында оқыған. Бірі демалыста жүргенде көз жұмса, екіншісі ата-анасымен түсініспеушіліктен суицид жасаған.

– Бұл жерде әр суицидтік жағдайды бөлек қарау керек. Отбасылық-тұрмыстық, қаржылық проблемалардың салдарынан жасалған суицид негізінен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлер арасында болады. Бұл жерде командирлердің кінәсі жоқ. Ал әскери міндетін өтеуші сарбаздар үшін командирлер толық жауапты, – деді министрдің орынбасары.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив