Өскемен тұрғынының рюкзагінен тапанша оқтары табылды
Өскемен қаласының 18 жастағы тұрғынының рюкзагінен тапанша оқтары табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция қызметкерлері фактіні «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
Тексеру кезінде азаматтың рюкзагынан Макаров тапаншасының бес бірдей патроны табылды – деп мәлімдеді Өскемен қаласының полиция басқармасы.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз