Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысы жөнделіп жатыр – Өскемен
Өскеменде көлік жүргізушілердің «бас ауруына айналған» Абай даңғылы мен Михаэлис көшесінің қиылысы жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Михаэлис көшесінен даңғылға шығар тұстағы айналмада осы уақытқа дейін тақта тастар жатқан еді және бұл автокөлік жүргізушілеріне айтарлықтай қолайсыздық туғызып келді. Қазір «Таза Өскемен» қызметкерлері қиылысты жөндеп жатыр.
– Кеше кешке қызметкерлер бордюрлерді алып тастады. Қазір тақта тастарды қопарып жатыр. Кешке дейін оның орнына асфальт төселеді. Жұмыс жүріп жатыр және көлік қозғалысы тоқтатылмайды, – деп мәлімдеді кәсіпорын басшысы Тимур Екібасов.
Оқи отырыңыз