KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Глубокоеда «Ұлы дала сазы» атты кітап көрмесі ашылды

17.10.2020, 09:39 375

Жыл сайын Глубокое ауданында дәстүрлі «Ұлы дала сазы» атты түркі халықтарының аймақтық фестивалі ұйымдастырылып келеді.

Бұл атадан балаға мұра болған түркі тілдес халықтардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни-танымын, мақал-мәтелдерін, дәстүрлі ән-жырларын, терме мен күйлерін одан әрі дамытып өскелең ұрпаққа жеткізуге бағытталған шара.

Биыл пандемия жағдайына қарамастан тілі ұқсас, діні ортақ бауырлас елдердің V аймақтық музыкалық фестивалінің онлайн түрде жүзеге асырылуына орай Глубокое аудандық орталық кітапханада «Ұлы дала сазы» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрмеге түрік халықтарынан шыққан от ауызды, орақ тілді айтулы би-шешендердің, қол бастаған батырлар мен ақын-жазушылардың, түрік әлеміндегі ірі тұлғалардың жазбаларымен қатар руханиятты жасаушы тұлғалардың екі тілдегі 30-ға жуық кітаптары қойылды.

Тарихи мәні бар мәдени мұралар мен ұлттық құндылықтарды, Алпамыс туралы дастан, Көроғлы, Едіге, Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері, Ұлы Қағанат, Арғы түріктер ақиқаты, түрік халықтарының ежелгі жәдігерлері атты кітаптардан көруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу