«Ортақ түрік тарихы». Қазақстанда мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілді
Қазақстандағы мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілді. Ол – Ортақ түрік тарихы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мемлекет басшылары Саммитінің шешіміне сәйкес Халықаралық Түркі академиясы (International Turkic Academy) әзірлеген 8-сыныптарға арналған «Ортақ түрік тариxы» оқулығы Түркі кеңесіне мүше елдерде толық оқытыла бастады. Бұл туралы Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Бішкекте өткен тамырлас елдердің Білім министрлері жиынында мақұлданғаннан кейін оқулық бауырлас елдердің мектеп бағдарламаларына тегіс енгізілді. Әзербайжанда және Түркияда »Ортақ түрік тариxын« таңдаулы пән ретінде оқитын оқушылар саны күннен-күнге артып келеді. Қазақстанда Назарбаев интеллектуалды мектептерінде сыннан өткен оқулық биылғы оқу жылынан бастап барлық мектептердің 8-сыныптарында таңдаулы пән ретінде оқытыла бастайды» делінген хабарламада.
«Ғылым» баспасынан шыққан оқулықты Түркі академиясынан алуға болады.