KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Өскемен көшелерін есек кезіп жүр

12.10.2020, 11:32 140

Өскемен тәртіп сақшылары көше кезіп жүрген есекті ұстап, патрульдік полиция батальонының кавалериялық взводының ат қорасына апарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала тұрғындары кеше кешке сағат 16:00 шамасында Сәтпаев даңғылының бойында кетіп бара жатқан есекті байқаған. Күші адал жануар көліктерден еш сескенбей, жолдың қақ ортасымен жүріп отырған. Полиция қызметкерлері «тәртіп бұзушыны» Фрешмаркеттен тоқтатты.

Әлбетте жануарды еркіне қоя беруге болмайды. Қандай да бір жол-көлік оқиғасына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан есек патрульдік полиция батальонының кавалериялық взводының ат қорасына жеткізілді. Қазір 24 жауынгерлік аттың қасында тұр. Үйірсоқ, шөп жейді, су ішеді. Иесін іздеп жатырмыз, бірақ әлі таба алмадық, – дейді взвод бастығының міндетін атқарушы Ернар Әділханов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив