Өскемен: полиция "мас жүргізушілерді" ұстап жатыр
Өскеменде тәртіп сақшылары «Мас жүргізуші» жедел шарасын бастап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Патрульдік полиция қызметкерлері кеше Бажов көшесінде ВАЗ маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің мас екені белгілі болды. Сондай-ақ оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ болып шықты.
«Жүргізушінің мас күйде болғанын сараптама нәтижелері көрсетті. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-тармағы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік материал Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», - дейді бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.
Жедел шара 24 қыркүйекке дейін жалғасады.