KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Үйіңізге газет-журнал неліктен кешігіп келеді?

28.12.2018, 05:10 181

– Біздің үйге «Дидар» газетін үнемі кешіктіріп әкеледі. Кейде аптасына үш рет шығатын газеттің үш нөмірі бірақ келеді. Былтыр да осындай жағдай орын алған болатын. Өзіміз жыл сайын бір жылға толық жазыламыз. Әсіресе, алдағы күндерде теледидардан берілетін жаңажылдық бағдарламаларды көру үшін телебағдарлама аса қажет. Сондықтан, газет уақытында жеткізіліп тұрсе екен дейміз. «Қазпошта» басшылығының тиісті шара қолдануын сұраймыз.

Дәулетхан Айылбаев,

Щербаков көшесі, 7. Прохладное ықшам ауданы,

Өскемен қаласы


Сауалға «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Мырзабаева жауап береді:


– Оқырманның газет арқылы жолдаған сауалы бойынша нақты сұраныстар жүргізілді. Филиал қызметкерлері анықтағанындай, қазір Прохладное ықшам ауданындағы №9 бөлімшеде үш адамның орнында екі адам істеуде, бір орын вакантты. Газет-журнал таратуға адам жетіспеуде. Соған қарамастан, филиал басшылығы аталған мәселені тез арада ретке келтіруге мүмкіндіктер қарастыруда.

Тағы да жекелеген шағымдар болған жағдайда, газет оқырманға уақытында жеткізілмесе, облыс аумағындағы барлық оқырмандар 8 7232 505-742 нөміріне хабарласып мәселенің анық-қанығын біле алады. Біз әрбір шалынған қоңырау бойынша өтініштерді жан-жақты қарастыруға дайынбыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив