Семейде студенттер жатақханасы пайдалануға берілді
Бүгін Семейде электротехникалық колледждің жаңадан салынған жатақханасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұсауын кескен облыс əкімі Даниал Кенжетайұлы өзінің құттықтау сөзінде:
-Алдағы уақытта жұмысшы мамандықтар дайындайтын осындай оқу орындарына көмек қолдау көрсетеміз, деді
Облыс басшының айтуынша, ІТ сыныптар мен роботсыныптар ашу үшін осы электротехникалық колледж дайындайтын мамандар аса қажет.
Себебі бұл колледж тек облыс қана емес, республика көлеміне жаңа технологияны меңгерген мамандарды оқытады
ІТ технология мен робототехниканы мектептерге енгізу бұл – Елбасы тапсырмасы. Бұл туралы Жолдауда айтылған. Тапсырманы орындау бойынша ШҚО алдыңғы орындарда тұр.
Облыс əкімі сондай ақ Ворлдскилс 2018 жобасының жеңімпаздарымен кездесіп, оларға табыстар тіледі