KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Депутат Аягөздің халқымен кездесті

12.12.2018, 04:38 111

Жуырда облыстық мәслихаттың депутаты Жайық Жұмаханов Аягөз ауданына келіп, өзінің сайлаушыларымен жүздесіп, емен-жарқын сұхбаттасып қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ол бірнеше ұжымдарда болды. Атап айтқанда, №25-ші жол пайдалану учаскесінде, Бозай ауылында, «Қазығұл» емдеу мекемесінде, Локомотив пайдалану депосының ұжымдарымен жүздесті. Кездесулер барысында облыстық мәслихаттың депутаты Жайық Амангелдіұлы Елбасының биыл қазан айында халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Жолдауындағы тапсырмалар жайлы әңгіме қозғап, мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының негізгі міндеттеріне тоқталып, басым бағыттарын саралады.


Депутатпен бірге «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжегүл Ғабдуллина жүріп, оның сайлаушылармен кездесулеріне мүмкіндік жасады. Халық қалаулысы Жайық Жұмаханов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясаты жайлы, мемлекетіміздің осы жылдар ішінде қол жеткізген табыстары мен алған асуларын тілге етті. Жиылған халық өздерінің қордаланып қалған мұң-мұқтаждары мен алға қойып отырған жоспарлары турасында өз ойларын бүкпесіз жеткізді. Халық қалаулысы жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере келіп, кейбірін заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін айтты.


Ертеңіне Жайық Амангелдіұлы Жұмаханов аудан тұрғындарын қабылдап, жеке қабылдау өткізді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив