KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, З
441.66 475.14 4.86

Нұртай Сабильянов жармалықтармен кездесті

10.04.2018, 05:53 178

Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Жарма ауданына іссапармен келген еді. Атап айтқанда, халық қалаулысы Жарма кенті, Шар қаласы, Салқынтөбе, Қаратөбе және Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерге қанықты.


Жармалықтармен кездесу барысында Нұртай Сабильянов, ел Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, Елбасының 5 Әлеуметтік бастамасы, сондай-ақ «Нұр Отан» Партиясының Жарма аумақтық филиалдарымен бірлесе атқарған жұмыстарын талқылады.



Халық қалаулысы жоғарыда келтірілген реформалардың басым тұстарына тоқтала келе, мемлекеттік бағдарламалардың аймақтарда жүзеге асырылуы аса маңызды міндеттердің қатарында екенін айтты. Сонымен қатар, басқосуда жергілікті халық көкейкесті сауалдарын Мәжілісменге жолдауға мүмкіндік алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив