KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Елбасы Жолдауы Семей тұрғындарымен талқыланды

7.12.2014, 18:00 186



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арналған Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында Семей қаласына «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков ресми іс-сапармен келді.

Түсіпхан Түсіпбекұлы Семей шаһарындағы жұмыс сапарын «Семей машина жасау зауыты» АҚ өндірісімен танысып, кәсіпорын ұжымымен кездесуден бастады. Ел игілігі жолында жемісті қызмет етіп келе жатқан зауыт - бүгінде Шығыс Қазақстан облысында тұрақты жұмыс атқарып, зауыт өнімі Қазақстан, ТМД елдерінде көптен бері танылуда.

Зауыт ұжымымен кездесу барысында Т.Түсіпбеков Елбасы Жолдауының ерекшелігіне, құжаттың мәні мен маңыздылығына тоқталып, Жолдау ел дамуының болашағын айқындап бергенін ерекше айтып өтті. Сондай-ақ жоғары білікті қызметкерлер құрамы, заманауи басқару әдістері, икемді баға саясаты, тапсырыс берушімен бірлесіп қиын жағдайдан жол табу - осының барлығы «Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамына нарықтың машина салу саласында өз беделін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беретініне тоқталды.

Партияның Облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары келесі кезекте республика бойынша теміржол саласында вагон жөндеу мекемелері арасындағы көшбасшылардың бірі «Ибраев + К» ӨК-де болып, өндірістік кооперативтің заманауи жаңа құрал-жабдықтарын көріп, тыныс-тіршілігімен танысты. Кооператив ұжымымен кездесу барысында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арналған Жолдауы талқыланып, биылғы Жолдауда басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталғанына және облысымыздағы осы сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жемістілігі жайлы сөз қозғалды. Кездесу барысында «Ибраев + К» ӨК басшысы, облыстық мәслихат депутаты Ғ.Ибраев бүгінгі күні кооператив жүзеге асырған жұмыстары жайлы айтып, ұжым қызметкерлері Елбасы Жолдауы аясында өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ іс-сапар аясында Түсіпхан Түсіпбекұлы «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан аймақтық Саяси менеджмент мектебі қабырғасында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізілген «Ел басымен – Нұрлы болашақа» атты қала жастарымен кездесуге қатысып, өз ойымен бөлісті.

Ресми іс-сапар «Семей таңы» басылымының 95 жылдығына орай Абай атындағы музыкалы драма театрында өткізілген салтанатты іс-шараға қатысумен қорытындыланды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив