KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Аягөздің оқушылары қарт адамдардың қарын күреп берді

10.12.2018, 09:05 153

Ауданда жалғызбасты, қамқоршысы жоқ адамдарға қолғабыс ету жақсы жолға қойылған деуге негіз бар. Өйткені, мұндағы жастар қауымы көмекке зәру жандарға үнемі қол ұшын созып, жәрдемдесуге даяр. Тіпті, арнайы концерттер де ұйымдастырып, түскен қаржыны сондай жандарға аударып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жуырда "Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру" акциясы болып өтті. Оған мектеп оқушылары қатысып, қамқоршысынан айырылған жандарға көмек қолдарын созды. Акция аясында Аягөз қаласының №1 орта мектеп оқушылары сондай жандардың үйлеріне барып, аула ішінің қарын күреп, қыздар үй-ішін тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді.


-№1 орта мектеп оқушыларының өткізген қайырымдылық іс- шарасы өзгелерге үлгі боларлықтай болды,-дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Медет Мырзыкешов,-Өйткені, «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан», деген бабаларымыз. Бұл сөздің шынында өміршеңдігін басына түскен жан ғана біледі. Бүгін жас өрендер қайырымдылық деген сөздің мәні мен мағынасына үңіліп, өздері соған тікелей атсалысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив