KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Мектеп оқушылары мұқтаж жандарға мейірімділік танытып, ізгілік жасауға дайын

14.04.2013, 18:00 155


Ұлан ауданында мектеп оқушылары мен мұғалімдері қайырымдылық апталығын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Украинка орта мектебінің оқушыларына алдымен қайырымдылық істері белгіленген бағыт парақтары таратылды. Сыныптар өздерінің қайырымдылық ағашын отырғызып, осы ағашта олардың әр жақсы істеріне байланысты жаңа жапырақтар пайда болды.

Мәселен, аптаның екінші, үшінші күндері мейірімділік, күлкі күндері болса, аптаның бейсенбісінде В.Нагнитченкоға, Л.Борданенкоға, А.Литвиноваға және басқа да жалғызбасты мүгедектер мен қарияларға көмек көрсетілді. Ал жұма күні «Балаға ойыншық сыйла» атты акция болып, ауылдағы ауған жауынгерлеріне арналған салтанатты жиын өткізілді.

"Әрине, жасалған қайырымдылық үшін қайтарым күтілмейді, ақы сұралмайды. Апталықтың әр күнгі шараларына белсене қатысқан сыныптар мейірімділік ағаштарындағы жапырақтардың санына байланысты марапатқа ие болды. Апталықта өте көп жақсы іс атқарған 5-7 сыныптардың оқушыларына мадақтау грамоталары мен сыйлықтар берілді. Біз апталық қорытындысында балалардың денінің мұқтаж жандарға мейірімділік танытып, ізгілік жасауға, қол ұшын беруге дайын тұратынын байқадық", – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қалиакпарова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив