Аягөздіктер алдағы жылы қойдың басын көбейтуі мүмкін
Ауданда құны 4,5 млрд. теңге болатын «ЕвразияАгрохолдинг» ЖШС-нің «Өндірістік қуаты ауысымына 1400 бас ұсақ мал сою және өңдеу цехы» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазір мұнда сумен және электрмен жабдықтау желілерінің құрылыс жұмыстары қарқын алған. Жоспарлы құрылыс басталған кезде нысан басында 80, толық іске қосылғанда 204 адам тұрақты жұмыс орынмен қамтылатын болады.
2019 жылы 115,5 млн теңгенің өнімін өндіріп, ауданға 53,0 млн. теңге салық түседі. Мал сою цехында тәулігіне 35 тонна, жылына 9380 тонна ет дайындалып, оның 7 500 тоннасы немесе 80 проценті экспортқа Қытай, Иран мемлекеттеріне шығарылады. Мал сою цехында 50 мың бас қой малы бордақыланбақ.
Нәтижесінде қойға сұраныс пайда болатындықтан, ауданда қой малының саны артады деп күтілуде.
Ал жалпы аудандағы бұл ірі жоба 2019 жылдың тамыз айында іске қосылады деп жоспарланған