KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Көкпектіліктер Өскеменге 8 тонна ет алып келді

1.12.2018, 13:21 124

Облыс орталығында өткен бұл жолғы жәрмеңкенің иесі – Көкпекті ауданы. Жәрмеңкеде саудаланған өнімдердің бағасы базарға қарағанда әлдеқайда арзан болды.


Онда Көкпекті ауданының 17 ауылдық округінен келген шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері сапалы азық-түліктерін ұсынды.


– Жәрмеңкеге сегіз тоннадан астам ет, сондай-ақ бал, көкөніс және балық өнімдерін әкелдік. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарын өзіміздің өнерімізбен де қуантып, концерттік бағдарлама әзірледік. Жалпы, мұнда ұсынылып отырған азық-түліктің бағасы базардағыдан арзан, - деді аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин.


Бұл күні табиғи өнімдерді тауар өндірушілердің өзінен сатып алуды ұйғарған қалалықтардың қарасы көп болды. Қала тұрғыны, зейнеткер Әсия Ахметқалиева жәрмеңкеде саудаланатын өнімдердің бағасына да, сапасына да көңілі толатынын жеткізді.


Жәрмеңке соңы көкпектілік өнерпаздардың концертіне ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив