«Жас Отан» жастары тағы бір үлгілі іс жасады
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ШҚОФ белсенділері Тұңғыш Президент күні қарсаңында Өскемендегі Жасөспірімдерге арналған бейімдеу орталығына келіп, балалардың көңіл-күйлерін көтеріп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жасотандықтар өздерімен бірге тәтті-дәмділерін де ала келген болатын. Бірге ойын ойнап, мұндағы балаларды жақын әңгімеге тартқан олар Елбасы жайлы қызықты да тағылымды деректермен бөлісті.
Аталмыш орталықта бүгінде 19 бала бар. Тәрбиешілер олардың барлық жағдайын жасап, көңілдерін тауып отыр.
«Zhasproject» жобасының бастамашыл тобы дайындаған «Бақытты сәт» торттары орталықтағы балаларға ерекше ұнағанын да айта кетуіміз керек.
-Соңғы кезде жастардың, соның ішінде әсіресе студенттердің еріктілер қозғалысына қатыса бастағандығы көңілге қуаныш ұялатады,-дейді орталық директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сәуле Шәріпова.