KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Бұрын екі сағатта жететін Үшбұлаққа қазір жарты сағатта жетуге болады

mail.ru

5.11.2024, 15:00 201 Төлеуғазы Жансая

Күршім ауданындағы Маралды ауылынан Үшбұлаққа дейінгі жол бұрын облыс бойынша көлік қатынасы үшін аса қауіпті жолдардың бірі саналатын. Биыл жазда Маралды - Үшбұлақ бағытындағы 21 шақырымдық жол толық жөндеуден өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұрын осы жолдың қауіптілігінен ауылдың мал дәрігерлері көлікпен өзенге құлап, қайғылы жағдайға тап болған еді. Биыл көктемде толассыз жауған жауыннан кейін Маралды - Үшбұлақ жолының 12-ші шақырымында тау етегі сырғып, төмендегі жолды басып қалған болатын.

Жаз айларында Маралды ауылдық округінің жолдары жөнделіп, көшелер жарықтандырылды. Үшбұлақ пен Маралды арасындағы 21 шақырымдық жолдың қауіпсіздігі артты. Жолға кесек тастар төгіліп, оның үстіне қиыршық тас төселіп, грейдермен тегістелді. Бұрын тар болған жол енді көліктер еркін жүре алатындай кеңейтілді. Бұрын тұрғындар Үшбұлаққа дейін екі сағат жүретін болса, қазір жарты сағатта жетеді, - дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сейілханов.

Округке Маралды, Қыстаукүршім, Үшбұлақ ауылдары кіреді. Қазір Үшбұлақ жақта көмірдің тоннасы 33-34 мың теңгеден сатылып жатыр. Жолдың жөнделуі Маралды ауылдық округі тұрғындарының қысқы мал азығы мен отын-суды жеткізуде қиындықсыз қатынауына мүмкіндік беріп отыр.

Жанаргүл Көкенайқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу