KZ
Өскемен
+2°
туман Штиль
488.91 532.62 5

ШҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша 207 өтінім мақұлданды

29.11.2018, 10:03 145

Облыста «7-20-25» бағдарламасына 2 миллиард 638 миллион теңгенің 300-ге жуық өтінім түсіп, оның құны 1 миллиард 859 миллион теңге болатын 207-сі мақұлданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Бүгінде Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларындағы және Ұлан ауданы Қайсенов кентіндегі 1652 пәтер «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылуы мүмкін. Ғимараттарды «Нұрлы жер» бағдарламасының операторлары салған. Жыл соңына дейін тағы 182 пәтер дайын болады, – дейді құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Сырым Дүсіпов.


Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасына 461 бюджеттік сала еңбеккері қатысуда. Баспанаға мұқтаж бюджеттік ұйымдардың 461 жұмыскері банктерде 1 миллион теңгеден асатын жинаққа ие.


– Азаматтардың жекелеген санаттары – білім, денсаулық сақтау салаларының, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін баспана құнын субсидиялау мақсатында облыс әкімдігі жекеменшік құрылыс компанияларынан баспана сатып алып, оны әрмен қарай сатудың тегершіктерін қарастырып жатыр. Бұл жергілікті атқарушы органдарға сатылып алынған баспаналарды коммуналдық тұрғын үй қорына бекітпей-ақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелендіру механизмі арқылы сатуға мүмкіндік бермек, – деп түсіндіреді құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Сырым Дүсіпов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив