KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Семейде құрастырылатын «Урал» жүк көліктеріне сұраныс артып келеді

26.11.2018, 06:04 141

Семейдегі машина құрастыру зауытынан жыл соңына дейін әртүрлі модельдегі 700 жүк көлігі шығарылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Хабар 24 агенттігіне сілтеме жасап.


Зауыт құрастыратын «Урал» автокөліктері ерекше сұранысқа ие. Оларды негізінен отандық геологиялық барлау және мұнай өндіруші компаниялар сатып алады екен. Көліктер 6-дан 22 тоннаға дейін жүк арта алады.


Айта кету керек, аталған зауытта 500-ден аса адам еңбек етеді. Және олар жыл сайын өздерінің біліктілігін арттырып отырады.


«Урал көлігі көп өтеді, өйткені ол жол жоқ жерлерде жақсы жүреді. Еімізде мұнай өндірушілер мен геологтар жолы жоқ, иен далада жұмыс істейді. Сол себепті біз солар үшін арнайы көліктер шығарамыз», - дейді автоқұрастыру зауытының техникалық директоры Жандос Ильясов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив