KZ
Өскемен
+18°
сильный дождь жел 5 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Семейде өлі нәресте табылды деген ақпарат өтірік болып шықты

22.11.2018, 11:13 238

Естеріңізде болса, ағымдағы 15 қарашада әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күндізгі сағат 11 шамасында Семей тұрғыны нәрестенің өлі денесін тауып алды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 20 жастағы студент қыз анықталып, ұсталды.


Белгілі болғандай, ол «WhatsApp» мессенджеріне бейнежазу орналастырып, сонымен бірге оның балконының астындағы қоқыс жәшігінің жанында нәрестенің өлі денесі табылды деп бейнежазуға жалған түсінік берген. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 274 бабы, 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Сондықтан, өңір полицейлері тұрғындарға тексерілмеген ақпараттарды таратпауды ескертеді. Себебі, қоғамдық тәртіпті бұзу қауіптілігін тудыратын жалған ақпараттарды тарату фактілеріне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив