Туризм саласын дамытуға мемлекеттен қолдау көрсетіліп жатыр - ШҚО
Өңірдегі туристік бизнесті ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге түрлі қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Атап айтсақ, санитарлық-гигиеналық тораптарды субсидиялау, туристік автобустарды сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеу, сондай-ақ туризм және жол бойындағы сервис нысандарын салу және жөндеуге жұмсалатын шығындарды өтеу, деп хабарлайды корреспондент Altainews.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Ардақ Мәдиевтің айтуынша, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарын күтіп-ұстау шығындарының бір бөлігін субсидиялауға ай сайын 83,3 мың теңге қаражат бөлінеді. Бұл ретте 2022 жылы екі өтініш берілсе, былтыр олардың саны төртеу болған, ал биыл өтініштердің саны алтыға дейін өсіп отыр.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау-көмек туралы кәсіпкерлерді ақпараттандыру мақсатында 109 ауылдық округ әкімінің және кәсіпкерлердің қатысуымен осы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну алгоритмі бойынша семинар-тренингтер өткізілген.
Бұл шаралардың бәрі өңірдің туристік артымдылығын арттырып, туристер ағынын ұлғайтуға және инфрақұрылмды жақсартуға ықпал ететінін айта кету керек.