KZ
Өскемен
+12°
небольшой дождь жел 5 м/с, З
442.05 474.14 4.74

ШҚО тау-шаңғы базаларының маркетингі өте әлсіз

8.11.2018, 05:39 130

Біз сырттан турист тартудың жолын іздестіріп жатқанда, еліміздің шаңғысүйер қауымы Ресей мен Қырғыз елінің тау-шаңғы базаларында демалып жүр. Климаты да, релефі де артық болмаса кем емес біздің таулардағы базалар неге турист таппай шарқ ұрып отыр сонда?


- Шыны керек, біз ешқашан Австрия сияқты бола алмаймыз. Неге десеңіз, Еуропада 700 миллионнан артық халық тұрады. Айлықтары екі мың еуродан жоғары. Халықтың 20 пайызы шаңғы тебеді. Ол үшін күніне 40 еуро, біздің ақшамен 16 мың теңге жұмсайды. Ал бізде өмір сүру деңгейі  төмен. Өңірдегі халықтың бір пайызы ғана шаңғы тебеді. Біз алдымен қазақстандықтар мен тым құрығанда ресейлік туристерді тарту үшін, жағдай жасап алуымыз керек. Өз туристеріміз өз елімізде демалса ол да тау-шаңғы базаларының бос тұрмауына айтарлықтай сеп,-дейді «Алтайские Альпы» тау шаңғы кешенінің құрылтайшысы Александр Чиликин.


Оның айтуынша, бүгінде тау шаңғы кешендерінің маркетингі өте әлсіз жүргізілуде. Содан болар, көп жағдайда отандастарымыз қызмет көрсету деңгейі ешкімнен кем түспейтін өзіміздің базаларды емес, шетелдік курорттарды таңдап жатады.


Александрдың ойынша, облыста қысқы туризмді дамыту үшін ең алдымен жергілікті халық арасында да насихат жұмыстары жүргізілуі керек екен.


- Шаңғы тебу, салауатты өмір салтын ұстану бұқаралық сипат алғанда ғана қысқы туризмді дамытуға мүмкіндік туады, тек сонда біздің базалар бос тұрмайды. Қазіргі уақытта ең негізгі мақсаттың бірі халықты, әсіресе, өскелең ұрпақты шаңғы спортымен айналысуға баулу, - дейді ол.


Мысалы, 1964 жылы Өскеменнің өзінде ғана бес тау шаңғы базасы болып, онда жиырмадан астам бапкер қызмет еткен. Қалада, жалпы облыс аумағында спортшыларды жаттықтырудың белгілі бір бағдарламасы жасалып, бар жұмыс жүйелі түрде жүргізілетін. Ал бүгінде сол бапкерлердің жартысы да қалған жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив